Алматылықтар әнұранды қаланың әр жерінен бір уақытта орындады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматылықтар әнұранды әр жерде бір уақытта орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен бірге мемлекеттік әнұранды орындады.

Патриоттық акцияға 500-ден астам адам қатысты, оның ішінде мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері мен жастар бар.

Сондай-ақ әнұран барлық скверлерде, жаяу жүргіншілер көшелерінде, метрода, «Медеу» кешені мен «Шымбұлақ» курортының аумағында, «Көктөбе» саябағында шырқалды.

Акцияның мақсаты – азаматтық пен патриоттыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, елдің мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ олардың мәні мен маңызын түсіну.

Ата кетейік, биыл мемлекеттігіміздің символдарының қабылданғанына 30 жыл толып отыр.

Еске салсақ, мемлекеттік әнұранды көпшілік алдында орындау кезінде жиналғандар тұрып қосылып айтады, ал Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды.

Мемлекеттік әнұран мәтіні мен музыкалық басылымға сәйкес мемлекеттік тілде орындалады.



Соңғы жаңалықтар