Алматылықтар әнұранды әр жерде бір уақытта орындады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыдағы Жастар ресурстық орталықтары еріктілерінің қатысуымен метрода, СОО-да, Медеу, Шымбұлақ пен спорт алаңдарында гимн орындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз метро станциясына жиналып, әнұранның алғашқы әуенін ойнағанда, жолаушылар бізге жақындай бастады, біреу жай ән айтса, біреу ұялы смартфондардың камерасына түсірді. Осындай іс-шара әрқайсының назарын аударды, бізден сұрай бастады, біз бүгін Мемлекеттік рәміздер күні екенін айттық. Бұл Қазақстан халқы үшін ерекше мереке, өйткені кез келген мемлекеттің өркендеуі мемлекеттік рәміздерге деген құрметтен басталады», - деді волонтер Айбек Мэлсов.

Осы кезде Бостандық ауданының жастар ресурстық орталығының еріктілері фудкорттың жанында орналасқан «Мега Центр» СОО-ға жиналды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияға Алматы қаласының 40-қа жуық жас қатысты.

«Бұл орын кездейсоқ таңдалмаған. Мұнда күн сайын қала жастары келеді, бұл акция олардың патриоттық тәрбиесіне арналды. Менің ойымша, біз өз мақсатымызға жеттік. Бұл акция бір де бір келушіні бейжай қалдырмады», - деді Әділ Нұрпейісов.

Түрксіб ауданының жастар ресурстық орталығының белсендісі Арнай Сахымбетов керемет көңіл-күй сыйлады. Ол 70 ерікті қатарында Сауранбаев-Спартак көшелерінің қиылысында ҚР Әнұранын орындады.

«Барлығы ерекше сезімде болды, бізге әскери оркестр сүйемелденді, әрқайсымыз Ту, Әнұран, Елтаңбаны мақтан етеміз. Біз мемлекеттік рәміздеріміздің бар екенін бағалауымыз керек», - деді Арнай Сахымбетов.

Сонымен қатар, әнұран барлық скверлерде, жаяу жүргіншілер көшелерінде, метрода, «Медеу» кешені мен «Шымбұлақ» курортының аумағында, сондай-ақ «Көк Төбе» саябағында шырқалды.




Соңғы жаңалықтар