Алматылықтар әл-Фараби даңғылындағы құрылысты тоқтатуды талап етті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар тағы да тұрғын үй құрылысына шағымданды. Бұл жолы «Самал-2» шағынауданының тұрғындары арызданды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының тұрғындары қала басшыларына әлеуметтік желі арқылы үндеу жолдады.

«Медеу ауданында орналасқан «Самал-2 « шағынауданының №2, №2А, №12, №91 үйлерінде тұратын 200-ден астам отбасы тұрғын үйлер мен Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінің жанында салынып жатқан құрылысты тоқтатуды сұраймыз», - деп жазады тұрғындар.

Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметінше, аталған аумақта «Ескі үй» бағдарламасына жататын үйлер бар.

«Көрсетілген мекенжайда қандай нысан салынатындығы туралы ақпаратты басқарма мамандары құрылыс компаниясына берілген рұқсат құжатын көргенен кейін қана бере алады. Қазіргі уақытта мердігер компания басқармаға ешқандай өтініш берген жоқ. Аталған аумақта « Ескі үй» бағдарламасына жататын үйлер бар», - деп хабарлады басқармадан.


Соңғы жаңалықтар