Алматылықтар АҚТВ-дан көз жұмғандарды еске алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда С.Асфендияров атындағы КазҰМУ ғимаратында ғасыр індетінен қайтыс болғандарды еске алу шарасы өтуде.

Жиналғандар осы дертке қатысты білімін тексеріп, арнайы викториналық ойындарға қатысуда. Келушілердің назарына арнайы түсірілген анимациялық фильм ұсынылды. Сонымен қатар, АҚТВ-ны тексеруге арналған арнайы зертхана ұйымдастырылды.

«Бұл қайғы кез келген адамды шалуы мүмкін. Бұл індетті тек қоғамның назарын аудару арқылы, қауіпсіздік шараларын түсіндіру арқылы тоқтата аламыз», - деді Алматы қалалық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының бас дәрігері Талғат Бапиев.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанда қазір АҚТВ инфекциясын жұқтырған 20 мың адам өмір сүруде.

«Алматыда 3871 адам тіркелген, 1030 адам аурудан көз жұмды. Антиретровирустық терапия ашылған соң оңтүстік астанадағы сырқаттардың арасында өлім-жітім азайды», - деді қалалық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы әдістемелік-ұйымдастырушылық бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Нұрғалиева.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымының мәліметіне сәйкес, соңғы 25 жылда ЖИТС індеті 25 млн. адамның өмірін жалмаған. Науқастардың 3-тен 1-і Африка құрлығының тұрғындары.

Соңғы жаңалықтар