Алматылықтар әкімге электр қуатын есептегіш құралдардың қымбаттығын айтып шағымданды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғындардың қымбат есептегіш құралдарына қатысты наразылығына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуезов ауданының тұрғындары қала әкімімен кездесуі барысында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ электр жарығына қосылу үшін қымбат есептегіштерді (141 мың теңге тұратын) сатып алуға мәжбүр ететінін айтты.

«Олар онлайн жұмыс істемейді. Есептегіштердің көрсеткіштерін ай сайын WhatsApp арқылы контроллерге жібереміз. Құрылғылардың құнын төмендетіп, АЖК-ны модемді қосуға міндеттеуге бола ма?» - деп сұрады олар әкімнен.
Ерболат Досаев электр есептегіштерге қатысты шағымдарды бірінші рет естіп тұрмағанын жетікізді.
«Неге тек бір ғана электр есептегіш ұсынылады? АЖК жүйесімен біріктірілген бірқатар модельдерді ұсыну қисынды, олардан мәліметтерді онлайн алуға болады және бағасы мен техникалық сипаттамалары бойынша өндірушіні таңдай алады», - деді әкім.
Әкім Алматы қаласы бойынша бәсекелестікті дамыту және қорғау департаментіне бір ай мерзім ішінде есеп құрылғыларына қатысты жағдайды шешуді тапсырды.«Сіздерден ұсынылған есептегіш құралдардың нақты критерийлерін, олардың қалай орнатылғаны, қандай ұйымдар қатысатыны туралы ақпаратты сұраймын. Бізге баға бойынша да бәрі қажет. Тағы нарықта қандай қатысушылар бар екенін, кімге және не үшін ұсынылғанын білейік. Азаматтарға баға мен сапа сияқты нақты критерийлер бойынша өздеріне жақсы қызмет көрсететін есептегіштер мен компанияларды таңдау мүмкіндігін беру үшін сіздердің шешімдеріңіз бен ұсыныстарыңызды күтемін. 1 наурызға дейін жұмысты аяқтаңыздар», - деді әкім.
Соңғы жаңалықтар