Алматылықтар «Абайлаңыз, сиыр!» фильмін ашық аспан астында тамашалайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ертең Алматыда өтетін «Алматы - Гүл қала» фестивалі аясында ашық аспан астындағы кинотеатр жұмыс істейтін болады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жыл сайынғы «Алматы - Гүл қала» фестивалінің форматы өзгерді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы гүл мерекесінің ерекшелігі өткізілетін шаралар санына ғана емес, әр бағдарламаның мазмұнына да қатысты болмақ. Биылғы маусымдағы басты жаңалық - ашық аспан астындағы кинотеатр. Алматылықтар мен қала қонақтарына отандық киноленталар көрсетілетін болады. Түскі сағат 15.00-де «Он и Она», ал 19.00-де «Абайлаңыз, сиыр!» фильмдері ұсынылады. Бұлардан өзге Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясын бітірушілердің қысқаметражды дипломдық жұмыстарының премьерлік көрсетілімі болады. «Қалада жыл сайын өтетін IV-ші «Алматы - Гүл қала» фестивалінің аумағы биыл үш есеге артып отыр. Мұндай шешім қабылдауға гүл фестивалінің мегаполис тұрғындары мен қонақтарының арасында кеңінен насихтталуы және оған қатысуға ниет білдіргендер мен келушілер қатарының арта түсуі негіз болған. Егер бұрындары гүл мерекесі ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақтың кіре берісінде ғана өткізілсе, енді оның бүкіл аумағын алатын болды», -деді ұйымдастырушылар. Көрме-жәрмеңкеге отандық және ТМД елдері гүл өсірушілерімен қатар Голландия, Германия, Франция мен Ресейден жалпы саны 90 компания қатысады. Биылғы флористикалық мереке «той маусымы» тақырыбында өтпек. Байқау 3 номинация бойынша өтеді. Қазақстан мен Ресей, Украина және Қырғызстанның 10 өкілі кәсібилер номинациясында «ең үздік» атағын жеңіп алу үшін бақ сынасады. Әуесқойлар номинациясына мегаполистің барлық аудандарының гүл өсіруші шеберлері қатысады. Дәстүрлі додада үлкендермен қатар балалар да өздерінің флористикалық шеберліктерін сынай алады. Фестиваль барысында келушілерге отандық және шетелдік флористика шеберлерінің шеберлік сыныптары, қазылар алқасы мүшелерінің қатысуымен ток-шоу, қазақ эстарда жұлдыздарының концерті ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар