+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Алматылықтар Абай жайлы фильмдерді көліктерінен шықпай көре алады

2020 жылғы 10 тамыз 11:12
Бөлісіңіз:
Алматылықтар Абай жайлы фильмдерді көліктерінен шықпай көре алады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматыда Абайдың мерейтойын атап өту аясында ұлы ақынның өмірі жайлы фильмдер ашық аспан астындағы кинотеатрда көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Эстонияда Абай мен әл-Фарабиге арналған пошта маркалары жарыққа шықты Әбу-Дабиде «Абай» мәдени-танымдық залы ашылды Қазақстандық композитор «Абай сыры» атты күй шығарды

«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мәліментінше, бұл ой карантиндік шаралар жағдайында кең аудиторияға кинофильмдерді көрсетудің мүмкін болған жалғыз қауіпсіз түрі – автомобильдік кинотеатрдың ашылуының арқасында жүзеге асырылып отыр.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы және Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен Абай Құнанбаевтың құрметіне әртүрлі жылдары түсірілген екі өмірбаяндық кинокартинаның ашық көрсетілімі өтеді:

- «Абай өлеңдері» («Песни Абая») - Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» шығармасы бойынша 1945 жылы түсірілген. Картина режиссерлері - Григорий Рошаль мен Ефим Арон.

- «Абай» - режиссері Ардақ Әмірқұлов. Кино ұлы ақынның 150 жылдығына орай 1995 жылы түсірілген.

«Кинотеатрдың жаңа, ал анығын айтқанда көптен ұмыт болған ашық аспан астындағы ескі пішімі өз жұмысын «Атакент» көрме орталығының аумағында бастады. Ол 200 автокөлікке есептелген. Ойды жүзеге асырушылар іс жүзінде байланыссыз қатысуды қамтамасыз етті: билетті тек сайтта ғана сатып алуға болады, бүкіл киносеанс кезінде көрермендер бір-бірінен едәуір қашықтықта тұрақтаған автокөліктердің ішінде отырады»,– деп хабарлады «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ-ның баспасөз қызметінен.

Фильмдердің көрсетілімі 20:30-да және 23:00-де өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT