Алматылықтар 722 мүмкіндігі шектеулі баланың арманын орындады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Арман шыршасына ілінген хаттарды қала тұрғындары түгел оқып, орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аяла» қайырымдылық қорыныңн мәліметінше, биыл Арман шыршасына 722 хат ілінген. Бұл жолы тек алматылық мүмкіндігі шектеулі балалар ғана емес, Есік қаласы мен Астана қаласының балалары да Аяз атаға хат жазды.

«Алғашқы сыйлықтарды тарату жұма күні Абай-Шәріпов көшесіндегі онкологияық орталықтан басталды. Бүгін Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары қауымдастығына 150 сыйлық жеткізілді. Қазір Есік қаласында балаларға арналыпп кеш өтіп жатыр», - деп мәлім етті «Аяла» қорындағылар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, балалардың арман-тілегін орындауға тек қана қалталы меценаттар ғана емес қарапайым азаматтар да атсалысқан.

Айта кету керек, Арман шыршасы  Алматыдағы ірі сауда үйінің ішінде орнатылған еді. 1 ай көлемінде алматылықтар 722 хатты оқып, балалардың тілегін орындады.

null 

Соңғы жаңалықтар