Алматылықтар 3 сынып оқушысын іздестіріп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 10 жастағы оқушы қыз Анна Иванова жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қыз Түрксіб ауданы ВАЗ шағын ауданындағы үйінен таңғы 8:40-та шығып кеткен.

Содан үйіне қайтып оралмады. Алдын ала белгілі болғандай, қыз үйінен анасымен ұрысып шығып кеткен.

Туғандарының айтуынша, 11:00-де Анна - музыкалық мектепке, түстен кейін сабаққа баруы тиіс болған. Ана Иванова №89 мектептің 3 сыныбында екінші ауысымда оқиды екен.

Мектеп ұжымы Аннаны сабақта көрмеген.

Анна Иванова ашық жасыл түсті болон куртка, алқызыл майка мен көк шалбар киген.

Қазір еріктілер №89 мектептің спорт залында іздестіру тобын құрып жатыр.

Ал полиция департаментінде осы бағытта тергеу-іздестіру тобы құрылды. Түрксіб аудандық полиция басқармасы мен криминалды полиция қызметкерлері қызды іздестіріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар