Алматылықтар 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясына ұсыныс енгізе бастады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы тұрғындары 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясына белсенді ұсыныс енгізе бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір тәулік ішінде сайтқа 6,8 мың адам кірген. 200 жуық комментарий мен ұсыныс жазылған. Біз олардың қайсысы оң, қайсысы теріс пікір екенін әлі талдамадық. Талдау жұмыстарын міндетті түрде көпшілікке жария етеміз. Құжатқа қатысты нақты ұсыныстар да баршылық. Сондай-ақ, қатысы жоқ жазбалар да жетеді»,- деді «Алматы қаласының даму орталығы» АҚ басқарушы директоры Айдос Жексенбай.

Қалалық Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Нұртас Қайыров алматылықтардың үлес қосқанына қуанышты екенін тілге тиек етті.

«Бізге әр адамның пікірі маңызды. Тұрғындардың оң болсын, теріс болсын ұсыныс білдіргені қала тағдыры бей-жай қалдырмайтынын көрсетеді»,- деді Нұртас Қайыров.

Айта кету керек, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев кеше қаланың 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын жариялаған болатын.

Құжатқа сәйкес, қала 30 жылда 7 бағыт бойынша дамитын болады.

Соңғы жаңалықтар