Алматылықтар 12 тонна бал сатып алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыл сайын өтетін бал жәрмеңкесінде қала тұрғындары 12 тонна бал өнімін сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда өтетін жəрмеңкеге кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары Семей, Зыряновск, Глубоковск, Қатонқарағай, Үржар және ШҚО аудандарынан 27 тоннаға жуық экологиялық таза бал және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізген болатын. Сондай-ақ жәрмеңкеде шұжық өнімдері мен қымыз ұсынылды. Құны 65 млн теңге болатын 37 тонна өнім базар бағасынан 15-20% төмен сатылды.
null

Айта кету керек, бал жәрмеңкесі 7-8 аралығында ғана өтуі керек болатын. 2 күнде қалалықтар 12 тоннаға жуық бал сатып алды. Алайда, ұйымдастырушылар мерекені 9 қыркүйекте де жалғастыруға шешім қабылдады.

nullnull

Соңғы жаңалықтар