Алматылықтар 1 500 баланың жаңа жылдық арманын орындай алады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бірқатар қайырымдылық қоры ірі сауда орындарында арман-тілек шыршаларын орнатты. Бұл шыршаларға 1 500 жетім және жағдайы төмен отбасылардың баласы арман-тілегін жазып қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жобаны ЖОО студенттері мен жастар ұйымдары ұйымдастырды.

«Балалар үйі, қоғамдық қорлар, көп балалы отбасылардан бөлек биыл балалар хосписі, мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиеленетін балабақшалар қосылды», - деді Charity Wish Tree жобасының ұйымдастырушысы Азамат Қадырбек.

Былтыр 1 200 баланың жаңа жыл шыршасына ілінген тілегі орындалған болатын.

«Аяла» қайырымдылық қорының шыршасында 500 хат ілініп тұр. Кез-келген адам ол хатты ашып оқып, баланың арман-тілегін орындай алады. 5 жылдан бері жалғасып келе жатқан жобаның арқасында 2 мыңға жуық бала сыйлық алды.

Ал Талғар қаласындағы «Нұр» балалар үйінің 46 тәрбиеленушісінің хаты академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-ағарту орталығы жанындағы шыршада ілініп тұр.

«Біз интернетте балалардың арман-тілегін жарияладық. 1 айдың көлемінде сыйлықтарды жинап, пошта арқылы жан-жақтан келетін сәлемдемелерді айдың ортасына таман тапсыратын боламыз. Арман шыршасы 7 жылда 200 баланың арманын орындады», - деді академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-ағарту орталығының бағдарламалар бойынша үйлестірушісі Григорий Ли.







Соңғы жаңалықтар