Алматылық журналистер Рахат Мамырбекті жұма күні ақтық сапарға шығарып салады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Белгілі журналист Рахат Мамырбекті 22 желтоқсан, жұма күні ақтық сапарға шығарып салады. Бұл туралы марқұмның әріптесі, «Азаттық радиосының» қызметкері Қуанышбек Қари «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рахат әріптесіміздің жаназасы 22 желтоқсан, жұма күні шығарылады. Өзі тұрған «Құлагер» ықшамауданы 42 үйден жаназасы оқылып, «Кеңсай-2» зиратына жерленеді. 21 желтоқсан күні сағат 19:00-де «Орxидея» кафесінде (Жансүгіров көшесі, 260 В) қонақасы беріледі. Жұма күнгі жерлеуден кейінгі асы «Әулет» сарайында (Талғар тас жолы, Бесағаш ауылы) өтеді», - деп жазды Қуанышбек Қари.

Желтоқсанның 20-сы күні «Азаттықтың» қазақ редакциясы Алматы бюросының веб-редакторы, журналист Рахат Мамырбек қайтыс болды.

Азаттықтың хабарлауынша, журналист 11 желтоқсан күні денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға түскен және ертеңіне, таңертең Алматы ауруханасында көз жұмған.

Рахат Мамырбек 1978 жылы 10 ақпанда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Аягөз ауданы Тарбағатай ауылында туған. Алматы мемлекеттік университетінің философия және саясаттану факультетін бітірген. Журналистикадағы қызметін 2001 жылы «Қазақстан» ұлттық телеарнасында, «Мезгіл» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының редакторы болып бастаған. Кейінірек, әр жылдары КТК, 31 арна және «Алматы» телеарналарында жұмыс істеген. «Қазақстан» телеарнасында жергілікті телеаудиторияға кең танылған "Күлтөбе" телехабарының авторы әрі модераторы болған. 2010 жылдан бері «Азаттық» радиосының Алматы бюросында веб-редактор болып қызмет атқарған.

Соңғы жаңалықтар