Алматылық жоқ Toyota Camry көлігін сатқан

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғыны жоқ Toyota автокөлігін сатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті 43 жастағы С. есімді ер адам нарық бағасынан төмен бағамен Toyota Camry 40 көлігін «сатқан». Алаяқ өз мақсатын жүзеге асыру үшін бірнеше ұялы телефон қолданған.

Ол өзін «көлік иесімін», кейін «ломбард қызметкерімін» бірде «Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерімін» деп таныстырған.

«Ең өтімді көліктерді арзан бағамен сатып алғысы келетіндер көп болған. Келіссөз барысында алаяқ жәбірленушілерге клиент көп деп түсіндіріп, оларды алдын ала төлем жасауға асықтырған. Ақша аударған соң телефонын өшіріп тастаған. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Қазіргі уақытта С.есімді азаматтың 15 алаяқтық фактісіне қатысы бар екендігі анықталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицейлер осы адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөміріне хабарласуын сұрайды: 227-55-02; 8-708-380-54-00; 8-775-663-94-36.


Соңғы жаңалықтар