Алматылық жиһаз фабрикасы Миландағы әлемдік көрмеге қатысатын болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 4-9 сәуір аралығындағы аралығында Италияның Милан қаласында «SaloneDelMobileMilano-2017» жиһаз көрмесі өтеді, онда Алматының «ADELFI» элиталық жиһаз фабрикасы өз өнімдерін ұсынады. 

Қазақстан жиһазы мұндай ауқымдағы іс-шараға алғаш рет шығарылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына сілтеме жасай отырып.

«Біз ұйымдастырушылардың негізгі талаптарын орындағаннан кейін, яғни өнімнің сапасының жоғарылығын дәлелдеп көрмеге қатысу құқығын алдық. Аталған көрмеге шығарылатын барлық өнімдер  бұл маусымның соңғы сәндік трендтері», - деді жиһаз фабрикасының атқарушы директоры Тимур Исмаилов.

Оның айтуынша, кәсіпорынның көрмеге қатысуы  бұл алматылық жиһаз жасаушыларының тек Қазақстандағы ғана емес, сонымен қатар, шетелдегі кең ауқымды жарнамасы, өйткені, оған жиһаздық сән өнерінің бүкіл әлемдік элитасы жиналады.

«Бізде шетелдік серіктестіктермен тиімді келісімшарттар жасасу мүмкіндігі пайда болды. Бұдан басқа, біздің деректер көрме сайтында пайда болған сәттен бастап, шетелдің әлеуетті клиенттері бізге деген қызығушылықтарын танытты», -  деп түйіндеді әңгімесін Т.Исмаилов.

Соңғы жаңалықтар