Алматылық жастар сайлауды бақылаушылар желісін құрды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жастар «NNEXT.kz" сайлау процесін бақылаушылар желісін құрды. Бұл қозғалыс сайлау процесінің әділетті өтуін бақылауға алмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз жастардың ел болашағы үшін пайдасы бар іспен айналыса алатынын көрсеткіміз келді. Біз де сайлау кезіндегі заң бұзушылықтарды тіркеп, сайлау құқығын қорғауға септігін тигізе аламыз. Желінің атауы келесі буын дегенді білдіреді. Бұл ұйымның мақсаты - қазіргі азаматтық қоғамның жұмысын келесі қоғамда жалғастыру, ұрпақ сабақтастығына ұластыру. Біз алдыңғы сайлауды өткізудегі тәжірибені ескердік. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, бақылаушылардың арқасында сайлау проблемаларының тек 1 проценті ғана қаралады. Біз бәсекеге түскіміз кеп тұрған жоқ. Тек жаңа буынды осы процеске қосқымыз келеді», - деді «NNEXT.kz жастар қозғалысының жетекшісі Әрсен Құдабаев.

«NNEXT.kz желісі жекелеген саясаткерлер мен саяси ұйымдарды қолдамайды.

«Қазір командада 5 адам жұмыс жасап жатыр. Бірақ Қазақстанның әр өңірінен 20 шақты адам өтініш түсті. Болашақта 500 бақылаушы іріктеп алатын боламыз», - деді «NNEXT.kz жастар қозғалысының үйлестірушісі Әрсен Әубәкіров.

Соңғы жаңалықтар