Алматылық волонтерлер мемлекеттік рәміздер күніне флешмоб өткізді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының жастар ресурстық орталығының 30-ға жуық белсендісі ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Менің туым» атты ерекше флешмоб өткізді, деп хабарайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік рәміздер күніне орай мегаполис жастары ең танымал көлік түрі – электрсамокатпен Алматының басты көшелерімен ту ұстап жүріп өтті.

Еріктілер «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплин кешенінен әл-Фараби көшесіне дейін жүрді.

Алматы қаласы жастар ресурстық орталығының белсендісі Махамбет Бауыржанның айтуынша, бұл акция қаланың әрбір тұрғыны мен қонағының жүрегіне үн қосады.

«Жастар үшін Ту, Елтаңба, Әнұран Қазақстан тәуелсіздігінің нышаны. Біздің әрқайсымыз ту ұстаған кезде ерекше жауапкершілікті сезінеміз. Біз өз құрметімізді осылай көрсетуді шештік. Әрбір қала тұрғындарын мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге шақырамын», - деді жастар белсендісі Махамбет Бауыржан.


Соңғы жаңалықтар