Алматылық тұрғын «EXPO LOTTO» лотереясынан 10 млн. теңге ұтып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы тұрғыны «EXPO LOTTO лотореясы 30 ойынының бесеуінен 10 701 250 теңге ұтты. Бұл оның 30 cанның бесеуін дәл тапқаны туралы айтады. Бұл туралы «Kazakhstan Lottery Service» ЖШС-нің Маркетинг және бизнесті жоспарлау департаментінен хабарлайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «EXPO LOTTO» Ұлттық лотереясын іске қосқан кезден бері Қазақстанда 13 адам миллионер атанды. Әр қаладан 13 Қазақстан азаматы соңғы үш айда бұл лотереядағы ірі ұтыстардың жеңімпазы атанды.

EXPO LOTTO Ұлттық лотереясы - мемлекеттік мақсаттары мен міндеттері бар ұлттық көлемдегі алғашқы лотереялық жоба. Олардың арасында: көрмені әйгілендіру, бюджеттік емес қаржыландыру көздерін көбейту арқылы коммерцияландыруды арттыру, елдегі лотерея нарығын дамыту. Лотереяны өткізуден түскен қаржы ЭКСПО-2017 павильондарын салуға және аталған көрмені ұйымдастыруға қатысты басқа да мақсаттарға жұмсалады.

Соңғы жаңалықтар