Алматылық тұрғын емшінің емінен кейін ауруханадан бірақ шықты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматылық тұрғын емшінің емінен кейін ауруханадан бірақ шықты. 

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күдікті емнен кейін өзін жайсыз сезінген ер адам 3 мамыр күні Іле аудандық ІІБ-ға  арыз жазды.

Жәбірленушінің сөзінше, халық емін қолданатын азамат одан қан шығарған. Осы жайттан кейін ол ауруханаға түскен. Шағымды қабылдаған полицейлер бірден тексерісті бастады. Ем қолданған азамат құзырлы орган қызметкерлеріне  тиесілі құжаттарын  көрсете алмаған. Қазір 46 жастағы ер адам тергеліп жатыр.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР ҚК 332-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі процесс басталды. Ал күдікті емші тергеу барысында ешқайда кетпеу жайында ескертілді.

Соңғы жаңалықтар