Алматылық тағы бір пранк жасаушы жігіт қамауға алынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында К. есімді азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық бойынша іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот барысында анықталғаны, алматылық тұрғын әлеуметтік желіде пранкер ретінде өзінің көрермендерін көбейту мақсатында «Магнум» сауда дүкенінде видео түсірген. Онда пранкер беліне дейін киімін шешіп тастап, жалпыға ортақ этиканы сақтамай «Буратино» іш!» деп айқайлаған. Осы әрекетімен ол айналасындағыларды сыйламайтындығын білдіріп, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған.
«Сот мәжілісінде К. есімді азамат өзінің әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын толық мойындап, іс әрекетіне өкінетінін жеткізді. Сот қаулысымен кінәлі азаматты 15 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі әкімшілік шарасы тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», - делінеді соттың хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін алматылық пранкер полицияның модульді пунктінде және қоғамдық көлік ішінде және метро мен сауда орталығында пранк жасағаны үшін қамауға алынған болатын.


Соңғы жаңалықтар