Алматылық су жаңа Rolls-Royce көлігін салон ішінде соғып алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жап жаңа Rolls-Royce көлігіне отырып көрген жас жігіт оны қозғалтамын деп соғып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Бавария» автоорталығында жас жігіт Rolls-Royce көлігін көрмек болып мінген де газды басып қалған. Орнынан ытқи қозғалған автомобиль салон витринасын сындырды. Полиция шақыртылып, мән-жай анықталып жатыр», - деді «Астана-Моторс» компаниясынан.

Оқиға Алматының әл-Фараби көшесінде орналасқан авто салондарының бірінде болды. Келтірілген шығын сомасын компания қызметкерлері анықтау үстінде. 

Соңғы жаңалықтар