Алматылық студенттер Тәуелсіздік мерекесіне ерекше тарту жасады (ВИДЕО)
2014 жылғы 15 желтоқсан 15:51

Алматылық студенттер Тәуелсіздік мерекесіне ерекше тарту жасады (ВИДЕО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тәуелсіздік күні мерекесіне орай алматылық студенттер «Медеу» тау шаңғысы кешенінде флеш-моб ұйымдастырды.

Тау шаңғысы кешеніне келушілер үлкен мерекеге куә болды. Мұз айдынында бей-берекет сырғанап жүрген 400-ге таяу студент демде 23 деген үлкен санды құрады. Бұл азаттықтың ақ таңы атқанына 23 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Осылайша, жастар отандастарын мейраммен ерекше құттықтады.

«Біз студенттеріміздің шаблондардан ерекше ойлау қабілетін дамытуға тырысамыз. Олар кездескен қиындықтарды да шығармашылық түрде жеңе алады. Өздеріңіз көзге елестетіп көріңізші, кәсіби конькишілер болмаса да, бір санды, кейін UIB деген университет атын құрап шығуы үлкен еңбек емес пе?!», - деді UIB университетінің ректоры Меруерт Нәренова.

Jańalyqtar

MURAǴAT