Алматылық спортшылар таеквондодан конфедерация кубогының жеңімпазы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан Конфедерация кубогында тағы бір жеңімпаздың есімі белгілі болды. Таеквондодан Алматы қаласының спортшылары кубоктық додада топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таеквондошылар финалында Түркістан облысы мен Алматы қаласының спортшылары кездескен болатын. Ақтық сында айқын басымдылықпен алматылықтар жеңіске жетті. Есеп: 82:42. 

Алматы сапында Әділет Базарбаев, Ерасыл Қайырбек, Азамат Теңізбаев, Рахым Әділханов және Сағыныш Шымырбай бақ сынады. 

Осылайша, Алматы қаласы таеквондодан Конфедерация кубогының иегері атанды. Екінші орында Түркістан облысы, үшінші сатыда Павлодар облысы мен Шымкент қаласының командалары. 

 

Соңғы жаңалықтар