+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматылық шенеуніктер Шпекбаевтың сынынан нәтиже шығарды

2017 жылғы 22 қараша 16:59
Бөлісіңіз:
Алматылық шенеуніктер Шпекбаевтың сынынан нәтиже шығарды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтың 1 ай бұрын айтқан ескертуін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев осыдан 1,5 ай бұрын Алатау аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының орталығында болған еді.

Жұмыс сапары барысында ол мекеменің жұмысын адамға көрсетілген құрметсіздік деп бағалаған еді.

Қалалық мемлекеттік кірістер департаменті 1,5 айдың ішінде ескертулердің бәрін қаперге алып, аудандық басқарманың орталығын қайта жаңғыртудан өткізді.

Мемлекеттік органдар 1,5 айдың ішінде азаматтарға қызмет көрсетудің жаңа алаңын жасады.

Ғимаратты күрделі жөнеуден өткізуге 11 млн теңге жұмсалды.

«Бұрын кеңседе кедергі көп болатын. Әйнек қабырғалар орнатылған. Адамдар кезек күтіп тұратын. Үнемі дау-жанжал болатын. Ғимарат жөндеуді талап ететін. Қазір бәрі басқаша, электронды кезек орнатылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалды, пандустар, дабыл тетіктері орнатылды. Қазір азаматтар тарапынан жақсы пікір айтылып жатыр», - деді қалалық МКД басшысының орынбасары Қанат Балтабеков.

Күн сайын мемлекеттік кірістер басқармаларының орталықтарында 7-10 мың жеке және заңды тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Жалпы алғанда Алматыда Наурызбай, Медеу, Алмалы, Алатау аудандық басқармаларының орталығы кедергісіз қағидамен жұмыс істеп келеді.

Биыл желтоқсан айында Жетісу ауданының орталығы аталған форматқа көшеді.

Қазір онда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кету керек, осыдан бірнеше ай бұрын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев Астанада өткен баспасөз мәслихатында Алматыдағы Алатау аудандық басқармасының жұмысын сынаған болатын.

Оның айтуынша, бұл - азаматтарға деген құрметсіздік.

А.Шпекбаев орталықты қайта жаңғыртуға 1 ай уақыт берген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT