Алматылық шенеунік заңсыз көші-қонмен айналысқаны үшін 3 млн теңге айыппұл төлейді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сот қалалық жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (қазіргі Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы) басшысының орынбасарына айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы Алматы департаментінің мамандары қалалық Жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарына қарасты істі тергеп бітті.
Оған қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деген айып тағылды.
«Іс материалдарына сәйкес, ол шетелдік жұмыс күшін тартуға заңсыз рұқсат беріп отырған. Сонымен қатар, Заханов, Карасев, Дүйсенбинова деген азаматшалармен бірігіп, заңсыз көші-қон процесін ұйымдастырған», - деді Мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттіктің баспасөз қызметінен.
7 маусымда сот Абуоваға 3,3 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Сонымен қатар, оған 3 жылға мемлекеттік қызметке орналасуға тыйым салынды.
- Ақмолада «Тумгоевтер» қылмыстық тобын құрғандар сотталды
- 11 желтоқсанда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу
- Алматылықтарға ақылы көлік тұрағы үшін 920 млн теңге айыппұл салынған
- Алматыда түнде қыдыруға шыққан балалардың ата-аналары айыппұл төледі
-
Шымкентте алғашқы «Парасаттылық» басқармасы ашылды
-
Алматыда көлеңкелі айналымнан 77 компьютер, 50 ойын терминалы тәркіленді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам