Алматылық полицейлер заңбұзушылықты анықтау үшін портативті бейнетіркегіш қолданады

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылық полицейлер құқықбұзушылықты анықтап, заңсыз әрекеттердің жолын кесу үшін портативті бейнетіркегіштерді белсенді пайдаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазір патрульдік қызмет пен учаскелік полиция инспекторлары жаңа бейнетіркегіштермен жабдықталған.

«Бейнежетондар қызметтік міндеттерді орындаған сәттен бастап аяқталғанға дейін қосылып, үздіксіз жазылады. Бүгінде инновациялық шешімді енгізу арқылы полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеті деректері айтарлықтай азайды. Сонымен қатар бейнетіркегіштердегі жазбалар құқық қорғау қызметкеріне қарсы қандай да бір құқықбұзушылық жасалса, сенімді қорғау қызметін атқарады», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция сондай-ақ онлайн қосымшасы бар жаңа бейнетіркегіш құрылғылары бір уақытта аудио және бейне жазуға, әр қызметкердің әрекетін онлайн бақылау жүргізуге және дауыспен басқару мүмкіндігі бар екенін хабарлады.


Соңғы жаңалықтар