Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Алматылық полицейлер қаралы қаңтарда зардап шеккен әріптестеріне барды

2022 жылғы 22 ақпан 00:20

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаппай тәртіпсіздіктерді, лаңкестік әрекеттерді ауыздықтау, қарулы шабуылдарды тойтару кезінде Алматы полициясының 3 қызметкері қаза тапты, 1 мыңнан астамы жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Ең бастысы – қызметкерлер қиын-қыстау кезеңде шегінбей, өз денсаулықтарын сарп етіп, азаматтардың, елдің, қаланың қауіпсіздігін қорғады. Осы қиын сәтте олар өз міндеттеріне, антына адал болды. Біздің қызметте «достық иық» ұғымы – киелі. Тағдырдың жазуымен қазір қатарда жоқ әріптестерімізді ешқашан назардан тыс қалдырмаймыз. Қашан да жандарынан табыламыз, әркез көмектесуге дайынбыз», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.
Еске салайық, қаңтар айының басында тәртіпсіздіктерді және басқа да заңсыз әрекеттерді басу кезінде жүздеген агрессивті адам полиция қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге бірнеше рет шабуыл жасап, соққыға жықты.
5 қаңтарда Алмалы аудандық полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратына жасалған шабуылға тойтарыс беру кезінде екі полиция қызметкері Ален Асылханов пен Ринат Қамбетов қаза тапты. Тағы бір тәртіп сақшысы Нұрболсын Алмасов стратегиялық маңызы бар нысанды қорғау кезінде ажал құшты. Әскери және қызметтік борышын өтеу кезінде көрсеткен ерліктері үшін аталған полицейлер қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
«Ішкі істер министрлігі басшылығының, Алматы қалалық Полиция департаменті басшылығының, жеке құрамының, сондай-ақ барша қазақстандықтардың атынан әріптестеріміздің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз және азаматтардың қауіпсіздігі мен елдегі тұрақтылықтың игілігіне қызметтерін жалғастырулары үшін оларды қатарда көреміз деп шын жүректен үміттенеміз», – деді Олжас Мырзабеков.


Автор:

Думан Арғынгелді

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары