Алматылық полицейлер 1 наурыздан бастап ағылшын тілін үйренуге кіріседі (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық полицейлер 1 наурыздан бастап ағылшын тілі курсына қатыса бастайды. Бұл шара халақаралық Универсиаданы өткізуге байланысты қабылданып отыр.

«Қала әкімдігінің бағдарламасы аясында оқыту курсы 1 наурызда басталады. Және басқа мемлекеттік бағдарлама аясында департамент ішінде екі жылдан бері ағылшын тілінен курс өтіп келеді. Оқу мерзімі үш ай. Айта кету керек, департамент қызметкерлерінің ішінде ағылшын тілін жақсы меңгерген қызметкерлер саны өте көп. Универсиада басталған кезде ең аз дегенде 1500 полицей шет тілін меңгеріп шығады», - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

ІІД мәліметіне сүйенсек, жол-патруль полициясының өкілдері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция, тергеушілер мен жедел қызмет өкілдері оқитын болады.

«Сондай-ақ, ІІД жедел басқару орталығының 102 қызметінің мамандары да шет тілін үйренеді. Олар қоңырау шалған әр адамның сұрағына жауап беру ітиіс. Қай тілде болса да», - деді майор С.Әзірбек.
null null null

Соңғы жаңалықтар