Алматылық полицей мопедті жаяу қуып ұстады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде полицейдің мопедшіні жаяу қуып бара жатқан видео тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таралған видеода патрульдік полиция көлігі мопедтің ізінен қуып келе жатқанын, кейін мопед жүргізушісі жолдан шығып кетіп, ағаштар арасымен қашқанын көруге болады. Сол бойда полицейлердің бірі қызметтік көліктен түсіп, оны жаяу қуа жөнеледі. Көп ұзамай тәртіп сақшысы мопедке жетіп алып, жүргізушіні тоқтатады.

«Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, бұл құқықбұзушылық Алматы қаласы Түрксіб ауданы, Бұқтырма көшесінің бойында тіркелген. Мамандандырылған батальонның экипажы жол жүру ережесін бұзып келе жатқан мопедті байқаған. Тоқтау туралы бұйрықты елемей, полиция қызметкерлерінен жолсыз жермен қашып кетпек болды. Алайда ол ұсталды. Оның үстінен ҚР ӘҚБтК 615-бабында көзделген құқықбұзушылық дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлдады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.




Соңғы жаңалықтар