Алматылық полицей әйелді аман алып қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Өртеніп жатқан үйден әйелді аман алып шыққан полиция қызметкері марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кету керек, төтенше жағдай осыдан 1 ай бұрын «Қазақфильм» шағын ауданында 5 қабатты үйдің 4-қабатында болған.

Учаскелік полицей Дархан Айымбетов кезекшілік кезінде 5 қабатты үйден қою түтін шығып жатқанын көрген.Тәртіп сақшысы ұзақ ойланбастан түтіндеп жатқан пәтерге кіріп кетіп, үйдің иесі -  әйелді алып шықты.

«Алматы қалалық ТЖД басшысы Серік Әубәкіров полиция майоры, Бостандық ауданының №47 тірек пунктінің полицейі Дархан Айымбетовты адам өмірін арашалап қалғаны үшін «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» деген медальмен марапаттады. Тәртіп сақшысы қым-қуыт жағдайда қырағылығын жоғалтпай, әйелді өлімнен аман алып қалды», - деді қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Соңғы жаңалықтар