Алматылық параспортшы қыздың протезге жиналған ақшасы ұрланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылық параспортшы, үстел теннисінен спорт шебері Бақытгүл Әлімбекова алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Параспортшы қыз аяғына жаңа протез жасату үшін қазақстандықтар жинап берген 600 мың теңгесінен айырылып қалды.

Оны алаяқтар алдап соққан. Бейтаныс адам қоңырау шалып, шотына 120 мың теңге аударғысы келетінін айтқан. Солай, жеке мәліметтерін сұрап алған. Кейін оның картасындағы ақшаның барлығы жоғалып кеткен. Бұл туралы Facebook-те Dala.fm радиосының жүргізушісі Екатерина Черкашина да жазды.

«Достар, Бақытгүл Әлімбекованың протезіне ақша жинау әлі де жалғасуда. Бірнеше күн бұрын жиналған 600 мың теңге оның шотынан алаяқтық жолмен алынды. Каспий банк пен полиция бұл мәселемен айналысуда», - деп жазды ол.

Б. Әлімбекова 15 жасында баспалдақтан құлап, жарақат алған. Бұл жарақаты гангренаның дамуына алып келгендіктен, дәрігерлер сол аяғын кесіп тастауға шешім қабылдаған.

Соңғы жаңалықтар