+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Алматылық өзінің көлігін өзі ұрлаған

2019 жылғы 15 наурыз 18:33
Бөлісіңіз:
Алматылық өзінің көлігін өзі ұрлаған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өз көлігін ломбардқа қойып, ұрланды деп арызданған адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«30 жастағы көлік иесі жерлесімен бірге жоспар құрған. Олар «Тойота Камри-70» көлігін ломбардта кепілге қойып кеткен. Содан соң дәмханалардың біріне барып тамақ ішіп алған соң, полицияға көлігінің жоғалғаны туралы арызданған», -деді қалалық Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқаримасының басшысы Есен Ысқақов.

Полиция іздестіру жұмыстарын бастаған кезде «ұрланған» көліктің ломбардта кепілде тұрғанын анықталған.

Көлік ұрлау дерегінен сақтандырылған болып шықты.

«Күдіктілер екінші сұрақ-жауаптан соң көлікті өздері ұрлағандарын мойындады. Олар көлікті ломбардқа 8 000 000 теңгеге кепілдікке қойған әрі ақшаны алған. Сақтандыру сомасы шамамен 12 000 000 - 13 000 000 теңге шығатын еді. Аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 419-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Ал күдіктінің сыбайласына қатысты ҚР ҚК 420-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Ал көлікті алып кеткен адамды табу - уақыт еншісінде», - деді Ысқақов.

Қостанай облысының тумалары мұның алдында көлік ұрлап, есірткі заттарын сатқаны, қыз зорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты.

Айта кету керек, бұған дейін 34 жастағы Алматы тұрғыны өз көлігін өзі ұрлап, полиция қызметкерін соққыға жыққанын хабарлаған болатынбыз.

Ол көлікті ұрлатып жіберіп, сақтандыру полисін алғысы келген

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT