Алматылық өрт сөндірушілерге арнайы көлік кілттері тапсырылды

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өрт сөндіру бөлімшелеріне мемлекеттік бюджеттен арнайы техниканың кілттері табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД гарнизонының материалды-техникалық базасы  АЛ-32 автобаспалдағымен, 8 автокөлікпен, 4 автоцистернамен толықты.
null 

Алатау ауданындағы №15 өрт сөндіру бөлімін аралау кезінде қала әкіміне жаңа техникалардың мүмкіндігі жайлы баян етілді.

«Алматы қаласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету қаланың 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасының басым бағыттарының бірі. Атап айтқанда, материалдық техникалық қамтамасыз ету мәселесі, жылжымалы құрамды жаңарту, алдыңғы қатарлы технологияны енгізу мен дамыту өте өзекті. Алайда, Департаменттің ең басты құндылығы оның жеке құрамы болып қала береді. Сіздердің жұмыстарыңыз өте жауапты, маңызды, өмірлеріңізге қауіп төніп тұрса да Алматы азаматтарының өмірін қауіпсіз етуге бар күштеріңізді салып келесіздер», - деді әкім Бауыржан Байбек.
null 

ТЖД басшысы Серік Әубәкіровтің айтуынша, алматылық өрт сөндірушілер Қазақстанда тұңғыш рет арнайы мотоциклдерге отырды.

7 ай ішінде 69 өрт сөндірілді. Оның 9-ын автокөлік арқылы сөндіру мүмкін болса, мотоциклистер 2 адамның өмірін арашалап қалды.

Серік Әубәкіров Алматыдағы сел қауіпті аңғарларда 2 плотина тұрғызылып, 1 жаңартылатынын хабарлады.

Сонымен қатар, Қарғалы өзенінің арнасы тұрақтанды.

Одан бөлек селге қарсы автоматтандырылған бақылау жүйесі іске қосылмақ.
null 

Сел жүру қаупі бар 9 көлде су айдайтын арнайы сорғыштар орнатылған.

«Осы инженерлік шешімдердің арқасында №6 көлде су көлемін 310 мың текше метрден 140 мың текше метрге дейін азайту мүмкін болды. Мұнда қауіп толығымен сейілді. Себебі, жүргізілген канал арқылы көл транзитті су қоймасына айналды. Осындай  жұмыстар 13 БИС көлінде де жасалды. Онда да 182 мың текше метр су көлемі 38 мың текше метрге түсті», - деді  Серік Әубәкіров.

Сонымен қатар, келесі жылы Наурызбай және Бостандық аудандарында жаңа өрт сөндіру бөлімшелері ашылатыны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар