Алматылық өрт сөндірушілер тактикалық оқу-жаттығу дайындығын өткізді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда өрт сөндірушілер тактикалық оқу-жаттығу дайындығын өткізді. Шараға барлығы 27 техника, 142 жеке құрам жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сценарий бойынша Кіші Алматы өзені бассейні шатқалының оңтүстік-батыс беткейінен шыққан өрт 2 ,5 гектардан астам жерді шарпыды. Желдің екпіні салдарынан өрт аумағы ұлғайып, демалушы туристерге, сондай-ақ өрт Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман алқабына таралуына қауіп төндірді.

Отты сөндіруге қалалық Төтенше жағдайлар департаменті орманшылар, жасыл белдеу және тағы басқа мекеменің мамандары қатысты.

Өткізілген жаттығулар аясында табиғи өртті сөндіруді, төтенше жағдайлар аймағынан адамдарды эвакуациялауды және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша практикалық іс-шаралар пысықталды.

«Демалу үшін баратын орындардың бірі және қаланың інжу-маржаны-орманды алқаптармен жабылған Іле Алатауы тауларының маңы болып табылады. Тау сілемдерінің негізгі орман құраушы тұқымы Тянь-Шань шыршасы мен балқарағай, тау бөктеріндегі алқаптарда қайың, терек, көктерек , бұта тұқымдылары басым болғандықтан -біздің міндетіміз - ормандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және туристер мен қонақтардың орман аймағында қауіпсіз болуын қамтамасыз ету», - деп атап өтті Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қасыбаев.

Оқу-жаттығуға барлық қызметтердің жеке құрамның 142 адам, 27 техника бірліг, 2 квадрокоптер және 3 әуе ұшағы жұмылдырылды.

Руслан Қасыбаевтың айтуынша, 2022 жылдың бірінші мамырынан бері 55 рейд жүргізілді. Нәтижиесінде 23 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 76 575 теңге айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар