Алматылық өрт сөндірушілер 78 жастағы қарияны құтқарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өрт сөндірушілер 78 жастағы əжені құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өрт Əуезов ауданында 30 қараша күні болған. Өрттің шыққаны туралы қоңырау сағат 16:40-та келіп түсті. Алты минуттан соң өрт сөндірушілер тобы айтылған мекен жайда болды. Өрт сөндірушілер келгенде пəтер мен екінші қабаттың баспалдақ маңы қою түтінге оранған еді. Түтін басқан бөлмеден  өрт сөндірушілер 78 жастағы əйелді тапты. Əйел есінен танып қалған. #7 өрт сөндіру қызметі бөлімінің қызметкерлері әжені сыртқа алып шығып, оттегі маскасын кигізген. Əйел жедел жəрдем бригадасына тапсырылды. Қазір жағдайы бірқалыпты. Өміріне қауып төніп тұрған жоқ, - деді ТЖД-нің Алматыдағы өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Өрт тоғыз қабатты үйдің екінші қабатындағы пəтерде тұтанған. Тілсіз жау  5 шаршы метр аумақты шарпыған. 

Соңғы жаңалықтар