Алматылық өнерпаздар Астана күніне француз әндерін шырқады

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда Эдит Пиафтың әндері ұлттық аспаптар сүйемелдеуімен шырқалды. Астана күнінде Алатау дәстүрлі өнер театрының этнофольклорлық ансамблі этномодерн стилінде әннен шашу шашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда Астана күнін тойлау Арбат алаңынан басталды. Елорданың 20 жылдық мерейтойына арнап «Алматы-Астана: Мәдени көпір» фотокөрмесі ұйымдастырылды. Жас суретшілер Астана мен Алматының рухани байланысын шебер бейнелеген.
null

«Фотокөрме әлемдік мәдени орталықтардағы инновацияға ұмтылыс пен ынтымақтастықты көрсетіп, жас мемлекет тәжірибесінің ұрпаққа үлгі болатындығын дәлелдейді. Осы көрме еліміздің екі бас қаласы тығыз байланыста дамып, бір-бірін үйлесімді толықтыратынын көрсетеді», - деді ұйымдастырушылар.

Алатау дәстүрлі өнер театрының өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты. Арбат алаңынан әлем халқының жүрегінен орын тапқан Эдит Пиафтың әндері дәстүрлі аспаптың сарынымен шалқыды.

null

«Қазақ мемлекеті мен Францияның достық қарым-қатынасы әлдеқашан орныққан. Мәдени байланысы одан әрі нығайып келеді. Соның бір дәлелі - Сорбонна-Қазақстан институты. Алатау дәстүрлі өнер театры екі елдің достығын халыққа жеткізгісі келді. Театрымыздың талантты жастардан тұратын этнофольклорлық ансамблі дәстүрлі өнерді заманға сай өңдеп, орындайды. Бүгін Эдит Пиафтың «Non, je ne regrette rien», француз әні «Derniere Danse» жанды дауыста, оркестрдің сүйемелдеуімен орындалады»,-деді театрдың баспасөз хатшысы Гүлмира Қажиева.

nullnullnullnullnullnullnull

 

Соңғы жаңалықтар