Алматылық оқушылар мен студенттер ертең онлайн оқи ма

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 16 қаңтар күні Алматының мектеп оқушылары мен колледж студенттері дәстүрлі форматта оқиды. Бұл туралы қалалық Білім басқармасынан мәлім етті, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылғы 16 қаңтарда 0,1-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің I, II курс студенттері дәстүрлі оқу форматына көшеді», - деп хабарлады қалалық Білім басқармасынан.

Синоптиктердің болжауынша, 16 қаңтарда Алматыда күн алабұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 0-5 м/с. Ауа температурасы – түнде 17-19, күндіз 7-9 аяз.

Айта кетейік, 12-13 қаңтар күндері мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтықтан оқыды.

«Қазгидромет» РМК Алматы қаласында 14-20 қаңтар күндері қалыптасатын күн райы болжамын ұсынды.


Соңғы жаңалықтар