Алматылық оқушылар маскамен қамтамасыз етіледі - білім басқармасы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматылық оқушылар маскамен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева онлайн брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, сабақ кезінде оқушылар бетперде тағып отырады.

«Балалар сабақта бетперде тағады, бірақ асхана мен дене шынықтыру сабағында тағу міндетті емес. Дене шынықтыру сабағы сыртта болатындықтан, қашықтық сақталады. Асханада біз барлық санитарлық нормалардың сақталуын талап етеміз», - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, ол мектеп балаларды қажет болса маскамен қамтамасыз ететінін жеткізді.

«Оқушыларды антисептик, бетпердемен қамтамасыз ету - ата -аналардың міндеті. Бірақ, егер ата-аналардың оған мүмкіндігі болмаған жағдайда, онда мектеп қамтамасыз ететін болады»,- деді ол.


Соңғы жаңалықтар