Алматылық оқушылар III тоқсанда қалай оқиды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева онлайн брифинг барысында III тоқсандағы Алматы мектептердегі оқу форматы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баршаңызға белгілі, балалар мен мұғалімдердің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында эпидемиологиялық жағдайға байланысты қаладағы 205 жалпы білім беретін мектепте оқу жылы қашықтықтан басталды. Көлсай мен Сұлусай ықшамаудандарында орналасқан №194 және №197, сондай-ақ 35 жекеменшік мектепте адам санының аз болуына байланысты оқыту тұрақты режимде жүргізілуде»,- дейді ол.

Алматы қаласы бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 1- 5-ші сыныптарға дейін 15 баладан аспайтын кезекші сыныптарды ашуға рұқсат етілген.

«Бүгінгі күні 1-5 сыныптар үшін 150 мемлекеттік мектепте 17 753 бала контингенті бар 1235 кезекші сыныптар бар, 34 жекеменшік мектепте 7 020 бала контингенті бар 560 кезекші сыныптар бар»,- дейді Ләззат Жылқыбаева.

Сонымен қатар, ол кезекші сыныпқа созылмалы аурулары жоқ балалар оқуға жіберілетінін айтты.

«Балалардың кезекші сыныптарда оқуын таңдау құқығы балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне тиесілі. Кезекші сыныптардың қызметі санитарлық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептері 100% санитарлық қауіпсіздік дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етілген»,-дейді спикер.

Ләззат Жылқыбаева 9, 11 (12) сынып оқушыларының аралас оқыту форматына ауысуы бітіруші сыныптарды қорытынды аттестаттауға дайындаумен және ұлттық бірыңғай тестілеу мен жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу емтихандарын тапсырумен негізделгенін атап өтті.

«Үлгілік оқу жоспарының 70% пәндері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес тұрақты форматта оқытылатын болады ал, оқу пәндерінің 30% - қашықтан оқытылады»,-деді ол.


Соңғы жаңалықтар