Алматылық оқушы Президент сыйлаған күшігіне Инстаграмда парақша ашты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жаңа жыл қарсаңында алматылық 11 жастағы оқушы Мемлекет басшысынан сыйлық алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев Медина Майсароваға Президенттің  атынан француз бульдогын табыс етті.

1 ай бұрын оқушы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа күшік сыйлауын өтініп, электронды хат жазған. Баласының құпия әрекетін ата-анасы білмеген.

«Менің анам ит асырауға рұқсат бермеген. Елбасы сыйласа ше?», - деп сұрағанымда, жарайды деп рұқсат берген болатын. Анам шынымен солай болады деп ойлаған жоқ. Сондықтан, мен президент әкімшілігіне хат жаздым. Неге екенін білмеймін, бұл сыйлық келетініне сендім.  Менің енді Снежана атты күшігім бар», - деді Медина Майсарова.

Публикация от Казахстан - моя Родина! (@medina.maisar) Дек 31, 2017 at 2:52 PST

3,5 айлық күшіктің қазір «Де Франс Сесиль Снежан» деген паспорты бар.

Қыздың анасы берген уәдесінде амалсыз тұруға тура келгенін айтты.

«Ит асырау деген идея онша ұнамайтын. Бұл әзіл шығар деп келісе салғам. Енді міне отбасымызда тағы бір мүше пайда болды. Бұл күшік сүйкімді екен. Еріксіз қабылдадық. Мединаның Снежанасы өте мейірімді ит», - деді анасы Ильгиза Салахутдинова.

Медина Майсарова әлеуметтік желідегі парақшасында Елбасына алғыс айтты.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Менің арманымды орындағаныңызға көп рахмет. Сіз әлемдегі ең мейірімді Президентсіз. Қазақстандықтардың арманы орындалсын деп тілеймін», - деді ол.

Оқушы өзінің күшігіне арнап Инстаграмнан арнайы парақша ашты.

Медина сүйкімді күшігіне киім кигізіп, суретке түсіріп, видеосын Инстаграмға салуды бастады.

Айта кету керек, осыдан 2 жыл бұрын Елбасы жаңа жыл қарсаңында оралдық оқушы Виктория Харлашинаға «Да  Винчи» сурет жинағын, жұмсақ ойыншықтар, кітап сыйлаған болатын. Қыз бала Аяз атаға хат жазып, Қазпошта арқылы салып жіберген.

Публикация от Де Франс Сесиль Снежан (@snezha_franch_bulldog) Янв 4, 2018 at 10:17 PST

31 желтоқсан күні Аяз ата Викторияның сыйлығын берді.

Соңғы жаңалықтар