Алматылық оқушы Бразилияда өткен ғылыми жобалар олимпиадасында жүлделі орынға ие болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектебінің 11-сынып оқушысы Бразилияда өткен MOSTRATEC-2014 халықаралық ғылыми жобалар олимпиадасында ІІ орынға ие болды.

Қазылар алқасы оның «Ағынды суларды қазақстандық таурид сорбитімен тазарту» ғылыми жобасына жоғары бағасын берді.

«Менің жобамның тақырыбы - ҚР бірқатар кәсіпорындарының ағынды сулары тұндырғыларының қоршаған ортаға әсері. Атауы күрделі болғанымен, іс жүзінде бұл өте қарапайым тақырып. Бұл бүкіл елдерде өзекті мәселе, өйткені қазіргі кезде біз тұшы су қорының өткір проблемаларына тап болып отырмыз», - деді А.Сисенбердиева.

Ол «Экология» секциясында жүлдегер атанды.

Олимпиадада әлемнің 30-дан астам елінен қатысқан оқушылардың түрлі салалар бойынша 900-ден астам жоба ұсынылды. Қазақстандық оқушы қатысқан «Экология» секциясының өзінде 100-ден астам жоба қарастырылды.

«Бразилияда тұщы су қоры тапшы, ал ластанған өзендер қаншама... Қорғау бес күнге созылды. Қазылар алқасы үшін менің олармен төрт тілде: қазақша, ағылшынша, португал және испан тілдерінде амандасқаным көңілге жаққан күтпеген жағдай болды», - деп баяндады мектеп оқушысы.

Биылғы жылы Бразилия жас ғалымдарды 29-шы рет қарсы алды. Балалар жануарлар мен өсімдіктер, жасушалық және молекулалық биология, микробиология, химия, биохимия, информатика, жер, планеталық ғылымдар, математика, физика, экология және тағы басқа тақырыптар бойынша зерттемелерін таныстырды.

«Мен тек өзімнің жобамды ғана емес, бүкіл Қазақстанды таныстырғандай болдым. Жобамды таныстыру барысында қазақ мәдениеті туралы баяндап, өзіммен бірге әкелген кәдесыйларды көрсетіп, ұлттық киім-кешектерімізді көрсеттім», - дейді жүлдегер.

Соңғы жаңалықтар