Алматылық оқушы әлемнің 9 университетінен шақырту алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Наргиз Сейсек әлемнің тоғыз университетінен бірдей шақырту алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат мектептің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Толық білім беру грантын Наргизге Hong Kong Baptist University және Lawrence University ұсынып отыр. Сондай-ақ, зияткерге алты америкалық жоғары оқу орындары жеңілдік беруге дайын.

Наргиздың портфолиосы химия пәнінен республикалық, желілік олимпиадалардың жүлделі орындары мен медальдарына, сондай-ақ ғылыми байқаулардағы жетістіктерге толы.

«Мен барлық жерде Chemical Engineering факультетін таңдаймын. Химияға деген махаббатты менде 10 сыныпта мықты ұстаз Зәуре Ділманова оятты. Ұстазым мені олимпиадаға және ғылыми жобаларға қатысуға анталандырды. Зияткерлік мектебіндегі ұстаздарымның арқасында мен осындай жетістікке қол жеткіздім. Химия саласының келешегі зор. Мен елімізде осы бағытта өндірістерді дамытуға ат салысамын», - дейді Наргиз.

Айта кетерлігі, болашақ түлек UNESCO клубының белсенді қатысушысы ретінде UNESCO және Model United Nation он шақты сессиясына Зияткерлік мектептің атынан қатысып, үздік спикер және үздік делегат атағына ие болған.


Соңғы жаңалықтар