Алматылық мұғалімдер электронды күнделіктің кері әсері туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен ҚР Бала құқықтары жөніндегі омбудсмені Сәуле Айтпаева мұғалімдермен және бала құқықтарымен айналысатын мемлекеттік емес органдар өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық кеңес мүшелері мен мұғалімдер Ерлан Сағадиевке ата-аналармен байланыс үзілгеніне шағымданды.

«Мен өзім үш буын тәрбиелеген ұстазбын. Электронды күнделік табылған идея, дегенмен сынып жетекшісі мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты жоғалтып алдық. Бала тәрбиесін бетпе-бет талқылап, ымыраға келетін мүмкіндік жоқ. Оның барлығын электронды күнделікте көрсетіп, жаза алмайсың. Біз бұдан балалардан бір, ата-аналардан тағы  айырыламыз. Себебі олар тек күнделікті ғана қарайды, онда да бәрі емес», - деді кризистік орталықтар Одағының басшысы Зульфия Байсакова.

Министрдің айтуынша электронды күнделіктер ұстаздардың ыңғайына қарай жасалған.

«Соңғы жарты жылдықта ата-аналар жиналысына келушілердің саны 4 есеге көбейген. Сондықтан егер біз дұрыс  кеңестер жүргізсек, оның бәрі қалыпқа келеді. Күнделік екі жақтың байланысын үзу үшін әдейі жасалған дүние емес, бар болғаны мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге аррналған нәрсе. Бұрынғы күнделіктер оқушының бетін қайтарып, мысын басуды көздейтін. Себебі 1-сыныпқа келген баланың әр қимылы цифрмен бағаланатын. Ойлап қараңызшы, 2 жасында бүлдіршін сөйлеуді үйренсе, оның әрбір айтқан сөзіне: «Отыр - екі, отыр - үш! Жарайсың - «бес!» деп отырсақ не болады. Бірде-бір ережеден хабарсыз бала екілік алады. Ал қазір оқушының 4 тоқсандық білімін күнделікпен емес, басқалармен салыстырғандағы деңгейімен бағалайды. Осыдан кейін бала сабаққа келуден қорықпайды, керісінше әрі ашыла түседі», - деді министр. 

Соңғы жаңалықтар