USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматылық мұғалімдер 2021 жылды «Ұстаз жылы» деп жариялауды ұсынды

2019 жылғы 19 қыркүйек 15:53
Бөлісіңіз:
Алматылық мұғалімдер 2021 жылды «Ұстаз жылы» деп жариялауды ұсынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2021 жылды «Ұстаз жылы» деп жариялау туралы ұсыныс ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың мұғалімдермен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бердібек Сапарбаев ұстаздардың ұсынысына жауап берді.

«Сіздердің ұсыныстарыңыз жақсы екен. Оны жан-жақты қарастыру қажет. Жауабын міндетті түрде айтамыз»,- деді ол.

Кездесу барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары мұғалімдердің алдында тұрған маңызды мәселеге тоқталды. Ол бүгінгі білім ұлттық құндылықтарға негізделуі керектігін баса айтты.

«Балалардың білімі мен тәрбиесіне тек мұғалім ғана жауапты емес. Оқушылардың ата-анасы да атсалысуы қажет. Тек сонда ғана нәтижие болады»,- дейді Сапарбаев.

Сондай-ақ, Сапарбаев педагогика факультетіне түсетін үміткерлерге қойылатын талаптар туралы сұраққа жауап берді.

«Талапты ең алдымен осы мамандықты таңдаған үміткер өзіне қоюы керек. Алдағы уақытта мұғалім болып жұмыс істей ала ма, өскелең ұрпаққа сапалы білім беруге шамасы жете ма, оқуға тапсырмас бұрын талапкер жан-жақты ойлануы керек. Сіздер мұғалімдер балалардың осы мамандықты таңдауына себепкер болуларыңыз керек. Олар сіздерге қарап бой түзейді», - деп қортындылады ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT