Алматылық мемқызметшілер Голливуд жұлдыздарына салық «төлетті»

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Голливуд жұлдыздарына «салық төлеткен»Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті авторлық құқық туралыәлеуметтік желідегі дауға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ди Каприо, Вин Дизел, Уилл Смит, Мэтт Дэймон сынды танымал жұлдыздар түскен кинолардан үзінді құрастырып, азаматтарды салық төлеуге үндеген бейне әлеуметтік желіде қызу қолдау тапты.

Бейне түсірілімді әзірлеуге Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тапсырыс берген. Аталған бейнебаян Facebook әлеуметтік желісінде 16 мың мәрте көріліп, 300 рет бөлісілген. Интернет қолданушылар арасында салық органы қызметкерлерін бұл әрекеті үшін сынағандарда табылды. Олардың айтуынша, бұл бейнебаян үшін голливуд режиссерлері авторлық құқықты талап етіп, сотқа беруі мүмкін.

«Бұл бейнебаянды біз 2017 жылдың қараша айында шығарғанбыз. Оны билығы ақпан айынан бастап, Интернетте белсенді тарата бастадық. Шындығын айтқанда, адамдар салық төлеу керек екенін ұмытып кетеді. Сосын жаңа жыл алдында жанталасқан қарбалас басталады. Сол үшін салық міндеттемелерін осылайша, көңілді түрде еске салуды жөн көрдік. Бейненің басты міндеті - көлік салығын уақытында төлеуді ескерту. Кейбір адамдар автор құқығы бұзылғаны туралы айтып, фильмді түсірушілер бізді сотқа беруі ықтимал екенін жазыпты. Бұл - әлеуметтік бейне, қаржы табу мақсатын көздемейді», - деді Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз хатшысы Заңғар Шындәли.  

Ведомство роликті әзірлеуге қанша қаражат жұмсалғанын ашып айтудан бас тартты. 

Соңғы жаңалықтар