Алматылық мектептердің 7168 түлегі үшін «Соңғы қоңырау» соғылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл Алматыда 7168 оқушы мектеп бітіріп, үлкен өмірге жолдама алды.

Түлектердің қуанышын бөлісу үшін Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназияда өткен соңғы қоңырау салтанатына қала әкімі Ахметжан Есімов қатысты. Шаһар басшысы оларға сәт-сапар тілеп, Алматы қаласының еліміздегі рөлі мен маңызын айрықша атап өтті.

А.Есімов биылғы түлектер де жоғары нәтиже көрсетіп, ұстаздардың еңбегін ақтайтындығына үміт артты.

«Еліміздің Президенті мектеп түлектері үш тілді еркін меңгеруі тиіс екенін және Қазақстанның отансүйгіш азаматы болуы керек деп атап өтуде. Бүгінгі күн әрқайсыларыңыз үшін жаңа жолдың бастауы болып табылады. Сіздер ата-аналарыңыздың, оқытушылардың үмітін ақтайсыздар деп сенемін»,-деді А. Есімов.

Сонымен қатар ол биыл Алматыда «Білімді дамыту жылы» жарияланғанын айта келе, «Соңғы алты жылда Алматыда 45 оқу орындары ашылды. Оның 14-і жаңа мектептер»,-деді.

Соңғы жаңалықтар