+7 (701) 759 90 19
USD 409.19 EUR 461.24
RUB 5.67 CNY 58.26
Jańalyqtar

Алматының медицина ұйымдарына 85 млрд теңге төленді

2019 жылғы 22 қазан 08:56
Бөлісіңіз:
Алматының медицина ұйымдарына 85 млрд теңге төленді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде алматылықтарға тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 84,9 млрд теңге төленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада дәрігерлер тұрғындарға бейнебайланыс арқылы тегін консультация береді Нұр-Сұлтанда «Үйдегі дәрігер» жобасы аясында Отбасылық денсаулық орталығы ашылды Қытайдан Қазақстанға гуманитарлық жүк келді

КЕАҚ хабарлауыншы, аталған қаражат мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін медициналық көмек үшін төленіп отыр. Сақтандыру пакеті шеңберінде қызмет көрсету 2020 жылы басталады.

Естеріңізге сала кетсек, медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бері мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын кепілдендірілген тегін көмек пакетінің операторы болып табылады. Келесі жылдан бастап Қор міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің ақысын төлей бастайды.

Жалпы, Алматы қаласында 177 медицина ұйымы Медициналық сақтандыру қорымен мемлекеттік тапсырысты орындау жөнінде келісімшарт бекіткен. Оның басым бөлігі – жеке меншік клиникалар. 2019 жылға бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 116,8 млрд теңгені құрады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT