Алматылық медицина мекемелерінен 1 млрд теңге қайтарылды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев 2022 жылы қала тұрғындарына көрсетілген тегін медициналық көмек сапасын бақылау жұмыстарының нәтижесі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спкердің сөзінше, кемшіліктің басым бөлігіне бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары жол берген. Емханалар көрсеткен қызметтен 93 мың кемшілік анықталып, 117 млн теңге қайтарып алынды.

Сонымен қатар, ақаумен көрсетілген 7,7 мың қызмет – стационарлар мен стационарды алмастыратын көмек ұйымдарына тиесілі. Олар аталған кемшіліктер үшін 880 млн теңге айыппұл төледі.

«Мониторинг барысында анықталған кемшіліктердің дені емдеу-диагностика барысында белгіленген стандарттардан ауытқу, медициналық құжаттарды дұрыс толтырмау, қызмет бағасын негізсіз өсіру сынды олқылықтарға саяды. Сонымен қатар, «көрсетілді» деп жазылған белгілі бір қызмет түрлерінің шын мәнінде көрсетілгенін растай алмаған клиникалар да бар. Алматы филиалының мамандары іс жүзінде көрсетілмеген қызметтердің 300-ден астам жағдайын анықтады. Олар 3 млн теігені кері қайтарды», - деді Тілеухан Әбілдаев.

Сондай-ақ ол былтыр міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен көрсетілген қызметтерге 117,3 млрд теңге жұмсалғанын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар