Алматылық медбике бала өліміне себепкер болды деп айыпталуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Акушерлік және Перинаталдық ғылыми орталығының медбикесі Камшат Асанова бала өліміне себепкер болды деп айыпталуда. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет мәлімдеді.

Қайғылы оқиға 2012 жылы 21 мамырда Алматы қаласы Акушерлік және Перинаталдық ғылыми орталығында орын алған. Ақылы емдеу бөлімінде жатқан Қидасова дәрігерлік тексеру барысында өзінің нәрестесінің 24 сағат бойы дәрет сындырмағанын айтып, шағымданған. Баланы қараған неоанатолог Ким мейірбике Камшат Асановаға нәрестеге 0,9% физиологиялық ертіндімен тазалау клизмасын жүргізуіне нұсқау берген. Ережеге сай клизмалық тазалау баланы емізіп болған соң 1 сағаттан кейін жасалуы тиіс. Жапа шегуші жақтың сөзіне қарағанда, мейірбике Асанова аталған ережені сақтамай Кидасованың емізілу баласын құшағынан алып алып клизмалық тазалау жүргізген. Нәтижесінде баланың ішегі түйіліп шашалып ішкен сүтін мейірбике Асанованың үстіне құсып жіберген, былғанған киімін ауыстырам деп анасымен баланы палатаға тастап ұзақ уақыт бойы келмеген. Нәресте тұншығып қалу салдарынан клиникалық өлім кешкен. Салғырт қараған мейірбикенің кесірінен 6 рет пышаққа түскен кішкентай нәресте көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР КҚ-нің 114 бабының 2 бөлімімен Камшат Қадырханқызы Асанова жауапқа тартылуда. Алғашқы сот отырысы Медеу аудандық сотында 28 сәуірде өтті. Істі Медеу аудандық сотының судьясы Тәкен Шәкіров қарауда.

Соңғы жаңалықтар