Алматылық құтқарушылар тұрғындарға тауға шықпауға және ағаштардың түбіне көлік қоймауға кеңес берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Кіші Алматы және Үлкен Алматы бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға қар көшкінін тудырмас үшін қар басып қалған тау бөктерлеріне шықпауға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» таратқан ескерту негізінде Алматының Төтенше жағдайлар қызметі қардың көп түсуі және тау бөктеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Кіші Алматы мен Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде 17-18 ақпан күндері қар көшкіні болуы мүмкін екенін ескертеді! Сондай-ақ, тауға шықпауға және көліктерді ағаштардың түбіне қоймауға кеңес береді», - делінген Алматы қалалық ТЖД таратқан хабарламада.

Естеріңізге салайық, 16 ақпан күні Алматыға мол қар түсіп, ағаштардың бұтағы сынып, ондаған көлікті басып қалған болатын.


Соңғы жаңалықтар